ҰҚК оңтүстік облыстардан Астанаға есірткі жеткізетін арнаның жолын кесті
АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі тасымалдау кезінде «наркокурьер» ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді.
Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген.
Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.