ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Германияның Мюнхен қаласында өткен нысана дәлдеуден Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметкері Рашид Юнусметов МП-6 (ерікті тапанша) жаттығуында 568 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.
Ал бірінші кезеңде спортшы «алтын» жүлдені қанжығалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал жақында Талдықорғанда аяқталған ауыр атлетикадан Азия чепионатында Шекара қызметінің тағы екі әскери қызметкері - прапорщик Татьяна Хромова мен қатардағы жауынгер Сергей Истомин - алтын жүлделерді жеңіп алды.
Соңғы жаңалықтар