12:08, 10 Мамыр 2025 | GMT +5
ҰҚК Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен әрекеттесе Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

— Бірлескен әрекет нәтижесінде 10 килограмнан астам метамфетамин тәркіленді, оның баратын елдегі нарықтық құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады, — делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын жою бойынша іс-шаралар жалғасады.
Бұған дейін хабарланғандай, жыл басынан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.