ҰҚК: Т.Төлешев Қазақстанның вице-президенті болуға әрекеттенген
![None None](/static/img/plug.webp)
қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті.
Р. Қарасевтің айтуынша, билікті басып алу жоспарын орындау үшін Т. Төлешев алдымен елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасаған. Бұл үшін Т. Төлешев 2005 және 2010 жылы Қырғыз Республикасында болған жағдайды өте мұқият зерттеген. Тіпті Қырғызстанға өзі барып, керекті материалдар мен дерек-дәйектер іздеген.
«Билікке халық арасында жаппай тәртіпсіздік орнатып, халықты наразылыққа азғыру арқылы келуге болатынын түсінген ол бұл арам пиғылын Қазақстанның батысында тез жүзеге асыруға болады деген болжамға келген. Төлешев Қазақстанның батысында наразы топтар бар деп пайымдап, әлеуметтік-экономикалық және өзге де мәселелерді алға тарта отырып, наразы топтарды өз мүддесі үшін пайдаланбақ болған. Жаппай тәртіпсіздік пен әдейі ұйымдастырылған наразылық акцияларының барысында ол билікке ультиматум жасап, өзі үшін вице-президент лауазымын енгізуді көздеген. Артынша, мемлекетті өзі басқаруды ойлаған»,-деп хабарлады Р. Қарасев