ҰҚК жыл басынан бері экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 230-дан астам қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҰҚК жыл басынан бері экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 230-дан астам қылмыстық іс қозғады. Оның 113-і Қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық баптары бойынша.
None
None

  Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған кеңесте ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы Өсер Мизанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, соңғы бір жарым жылда кедендік органдардың қызметкерлеріне қатысты 70-ке тарта қылмыстық іс қозғалып, оның 54-і жемқорлық белгілерімен анықталған. «Биылғы жылы салық органдарының қызметкерлеріне қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды. Жемқорлық бойынша 41 құқық бұзушылық анықталды», -  деді Ө. Мизанбаев.

Жер қатынастары саласындағы мәселелерге тоқталған ол, «бір жарым жылдың ішінде бұл салада біз 31 қылмыстық іс қозғадық. 100-ден астам жемқорлық тұрғысында құқық бұзушылықтың беті ашылды», деді.

Ө. Мизанбаевтың сөзіне қарағанда, пара алғандары үшін  Оңтүстік Қазақстан облыстық   жер қатынасы қызметінің басшылары, Алматы облысының шенеуніктері ұсталды.

Соңғы жаңалықтар