Үкім өзгеріссіз қалды: Сот Нұрлан Мәсімовтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады
Нұрлан Мәсімовке қатысты үкім тамыз айында жарияланып, оған сәйкес күдікті мүлкін тәркілеу және мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқынан өмір бойы айыру арқылы 10 жылға бас бостандығына шектеу жазасына іліккен еді. Алайда, сотталушы сот шешімімен келіспей аппеляцияға берген болатын, деп хабарлайды Kazinform.
![сот үкімі судья](/static/img/plug.webp)
Сотталушы Мәсімов пен Сиразидимов және олардың қорғаушылары аппеляциялық шағымдарында қылмыстық іс жүргізу жайында айтарлықтай бұзушылықтар болғанына байланысты үкімді жойып, істі қайта құрамда жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберуді сұраған еді.
Сотталушы Евкович қылмыс арқылы келтірілген шығынды, сонымен қатар процессуалдық шығынды толықтай өтеді. Сондықтан ол үкімді өзгертіп, бас бостандығымен байланысты емес жаза тағайындауды өтінді.
1 желтоқсанда Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы аппеляциялық шағымға қатысты шешім шығарды. Мәсімов пен Сиразидимовке қатысты үкім өзгеріссіз қалды, аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады.
Евгений Евковичтің кінәсін мойындауына және шығынды толық көлеміне өтеуіне байланысты жаза мерзімі 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді.
«Павлодар облыстық полиция департаментінің шығын сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызы бойынша өндіріс оның толық көлемде өтелуіне байланысты тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енді», - деп атап өтеді облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, өткен жылы 3 маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған еді.
Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы барын хабарлады.
2022 жылы 13 шілде де Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.
Ал биыл 10 тамызда Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға соттаған еді. Сотталушылар М. және С., ҚК 366, 368,189-баптары бойынша кінәсін мойындамады және ақтауды сұрады.