10:42, 26 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын мақұлдады
Үкімет отырысында Қазақстан аумағында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Құжат мынандай маңызды шараларға бағытталған:
- халықаралық стандарттарды орындау және еңбек жағдайының сапасын арттыру;
- деректер базасын интеграциялау арқылы ұйымдарда еңбекті қорғау саласындағы проактивті мемлекеттік бақылауды күшейту;
- жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру;
- өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру моделін енгізіп, жұмыс күшін үнемдеу жүйесін құру.
Үкімет мүшелері тұжырымдаманы мақұлдау туралы қаулы қабылдады.