Үкімет басшысы азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын жедел қалыптастыруды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

п
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- Инфляция деңгейін төмендету үшін тұтыну бағаларын тұрақтандыру жұмысын күшейту керек. Инфляцияға сырттан келетін азық-түлік бағалары қысым көрсетіп отыр. Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын жедел қалыптастырған жөн. Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет, - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов банктер мен несие беру ұйымдары, сауда нүктелері тауар бағасындағы бөліп төлеудің нақты құнын, сондай-ақ несиелеу кезіндегі барлық артық төлемдерді толық ашып көрсетуге тиіс екенін айтты.

- Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, - деді Премьер-министр.

Айта кетейік, Азық-түлік корпорациясы Қытаймен цифрлық арналарды іске қосу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар