Үкімет басшысының орынбасары елімізде электр энергиясына тарифтің өсуіне пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин электр энергиясына тариф алдағы уақытта өсетінін айтты.

Серік Жұманғарин
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер коммуналдық қызметтер мен электр энергиясына төлемдер айтарлықтай өскені туралы сұрақ қойды.

Өз кезегінде С. Жұмғарин төлемдердің өсуі электр энергиясы құнының артуына байланысты құбылатынын айтты.

— Биыл электр энергиясының құны айтарлықтай өсті. Алдағы уақытта тағы да өсуі мүмкін… Электр энергиясын пайдалану индексі — қоғамның дамуы индексінің көрінісі. Жыл сайын тұрақты дамып келе жатқан қоғамда энергияны пайдалану арта береді. Елімізде де жылда осындай жағдай байқалып отыр, яғни әр отбасы қосымша жабдықтар мен құрылғыларды сатып алып жатыр. Осының бәрі электр энергиясын көбірек пайдлануға алып келеді, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсерін зерттеу мәселесіне қатысты пікір айтты.

Соңғы жаңалықтар