Үкімет бүгін экономиканың 6 айдағы нақты нәтижесін талқылайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінгі Үкімет отырысында қаңтар-маусым аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қорытындыланып, республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралады.

Правительство, Үкімет үй
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

- Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, - деп жазылған баспасөз-анонста.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында тікелей көрсетіледі. Баспасөз конференциясы да YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде трансляцияланады.

Айта кету керек, шілде басында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел экономикасын әртараптандырып, инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берген болатын

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
Фото: Ақорда

Айтуынша, қазір ел аумағында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ ол егіс басындағыларға суды уақтылы жеткізу жұмыстары бақылауға алынғанын мәлім етті. Сол үшін облыстарда өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.

Президентке егіс науқанының аяқталуы мен жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы баяндалды. Биыл республика бойынша 23,7 миллион гектар алқапқа егін егілген. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4 пайыз өскен.

Үкімет басшысы Президентке энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат ұсынды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

зауыт
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша қаңтар–сәуір аралығында елдің нақты жалпы ішкі өнімі 6% өскен. Бұл көрсеткіш қаңтар–наурыздағы (5,6%) өсімнен жоғары және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3,4%) екі есе жуық артық. 

Оның ішінде тауар өндіру көлемі 7,5%-ға артып, экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі — 7,2%.

Өндірісі артқан өнімдер қатарында күнбағыс майы, ұн, қант, күріш, табиғи уран, бензин, дизель отыны, тауарлық бетон, тыңайтқыштар, болат, шойын, жалпақ прокат, жүк вагондары, дизель және теміржол локомотивтері бар.

вагон
Фото: Railways Systems KZ

Тау-кен өнеркәсібінің өсімі 7,1%-ға жетті (бірінші тоқсанда — 6,1%), бұл мұнай өндірудің (8,8%), көмірдің (11,2%) және металл рудаларының (1,4%) ұлғаюымен байланысты.

Ал маусым айының аяғында Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бекітілген еді

Соңғы жаңалықтар