Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру идеясынан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтерілмейтін болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті. 

жалақы
Фото: Kazinform

— Қазір ең төменгі жалақыны көтеру жоспары жоқ. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге, әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз, — деді Серік Жұманғарин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде Қаржы министрі Мәди Такиев бұған дейін есептеу жүргізілгенін айтты.

— Біз есептегенде, барлық көрсеткіш қарасақ, орташа, минималды мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ, жағдайды ескере отырып, қазіргі деңгейде қалдыруды жөн көрдік, — деп толықтырды ведомство басшысы.

Айта кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ең төменгі жалақы 2026 жылғы қаңтардан бастап көтерілетінін хабарлаған еді

Соңғы жаңалықтар