Үкімет пен қоғам: Жұлдызшылар келер жылды қалай болжады
АСТАНА. KAZINFORM – Астрологиялық тұрғыдан алғанда, 2026 жыл өтпелі кезең, оған қоса әлем мен адамның ескіден арылып, жаңаға ұмтылатын уақытқа айналады. Сондықтан бірнеше күнде мемлекет үшін де, қоғам үшін де күрделі жолға түсетіндейміз. Осы ретте Kazinform тілшісі Жаңа жыл қарсаңында астролог болжамын талдап, оны Үкімет мүшелерінің жұлдызнамасымен сабақтастырып көрді.
Тоқты
2026 жыл Тоқтыларға қажыр -қайрат сыйлап, командалық дамуға есік ашады.
Бұл жылда күш-жігерін сыналып, ал басты жетістік өзгелермен селбесе жеткен нәтижеден көрінбек. Тоқтыларға ішкі күйін назарға алу маңызды, себебі 2026 жыл жауапкершілік пен өсу мектебіне айналады.
— Мақтан үшін немесе айналасындағыларға бір нәрсені дәлелдеуге деген ұмтылыспен туындаған қызба шешімнен аулақ болу керек, — дейді Астанадағы кәсіби астролог Ирина Әбдірайымова.
Астрологтардың айтуынша, жылдың екінші жартысы командадағы тоқтыларға жемісті болады. Үшінші тоқсаннан бастап олардың энергиясы тасып, кейін ықпалды адамдармен жолы түйіседі. Сонымен қатар, Тоқтылар өмірін өзгертетін таныстарды ортақ жобалар, әлеуметтік желі, бірлесе істеген бастамалар арқылы табады.
Айта кетейік, Қаржы министрі Мәди Такиев (01.04.1978) пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов (31.03.1967) жұлдызнамасы Тоқты.
Торпақ
Торпақтар үшін 2026 жыл - тұрақтылық пен ішкі келісім жылы. Олар материалдық жағдайға назар аударатын уақыт келеді.
Жұлдызнама Торпақтардың қаржылық ахуалы жақсарады деп отыр, алайда ол үшін табанды еңбек етіп, жауапкершілік алудан қорықпау шарт. Жеке қарым-қатынаста өзгеріс жоқ емес: жақын жанға күмән артуы немесе керісінше, отбасын нығайтуға деген ұмтылыс пайда болады.
Жаз айларында Торпақ өзін бағалауды үйренеді. Талантын көрсетуге, жаңа жобаны жүзеге асыруға, маңызды оқиғалардың ортасынан табылуға ынта артады деген болжам бар.
— Негізгі кеңес — байсалды болу және жағымпаздыққа бой алдырмау. Күшін асыра бағалау және тым үлкен міндеттерді мойынға алу қауіпті, өйткені жалғыз жетістікке жету қиын, — деп болжады астролог.
Торпақтар үшін сәттілік мәлімдемелер арқылы емес, қажырлы еңбек пен күшін бағамдау арқылы келеді. Барлық қарбалас дүние оларды айналып өтіп, өзі мен жақындарына көңіл бөлуге мүмкіндік туады. Астрологтар Торпақтарға бұл мүмкіндіктен айырылмауға кеңес береді.
Жұлдызнамасы Торпаққа тұс келген министрлер кабинетінің мүшелері: Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр (08.05.1971), Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев (02.05.1965), Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (18.05.1981), Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов (01.05.1979), көлік министрі Нұрлан Сауранбаев (20.05.1967).
Егіздер
Егіздер үшін 2026 жыл — қайта қалыптасу мен ауқымды жоспарлар жылы. Жыл басы оларға ішкі әлемге назар аударуға мүмкіндік береді, демек шынайы қалауды табуға, демалуға, қорытынды шығаруға, бұрынғы істерді аяқтауға тамаша кезең. Осы кезеңдегі барлық жетістік мұқият назар салу арқылы, тыныш режимде жұмыс істеу нәтижесінде қол жетпек.
Жылдың екінші жартысында Егіздер жеңіске жетеді, тез көтеріледі. Олардың қарым-қабілетін байқайтындар көбейетін болады. Сондай-ақ бұл кезең махаббат, романтика және шығармашылық үшін өте қолайлы.
— Өміріңізде қызықты адамдар пайда болады, мүмкіндіктерге кезігесіз. Бастысы, еркін болуға ұмтылыңыз, Сонда сіздің идеяңыз бен сөзіңіз салмақтана түседі. Ұжымдағы ең маңызды адамға айналар күн жақын, — деп кеңес берді Ирина Әбдірайымова.
2026 жылы Егіздер үшін табыстың кілті — тәртіп пен табандылық. Идея көп, бірақ нәтиже тек жүйелі әрекетпен келеді. Жыл мүмкіндіктер сыйлайды, алайда оларды іске асыру үшін өзгеріске дайындық пен саналы еңбек қажет.
Үкіметте жұлдызнамасы Егіздер: Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев (13.06.1983) және ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров (12.06.1966).
Шаян
Шаян белгісінің өкілдері үшін 2026 жыл — ішкі гүлдену жылы. Жылдың бірінші жартысы күш-қуатқа толы кезең болады. Қаңтардан бастап жаздың ортасына дейін ең жайлы уақыт: сенім артады, энергия тасып, ішкі үйлесім туады. Шаяндар интуициясына сенуі керек — ішкі дауыс маңызды мәселеде дұрыс шешімді нұсқайды.
Жаздан кейін Шаяндар үшін жылдың энергиясы бірқалыпты бола түседі. Бұл құлдырау кезеңі емес, керісінше қол жеткен жетістікті нықтап бекітіп, алға жылжитын уақыт екені анық. Алайда жағымды. болжамға қарамастан, жыл барысында мансап жолы кері кетуі мүмкін.
— Табандылық пен жауапкершілікті талап ететін жағдайлар туындауы мүмкін. Мұны жүрекке жақын қабылдамаңыз, қайта шыңдала түсіңіз. Әсіресе жұмыс барысында асығыс шешімнен сақ болыңыз. Кейбір ұсыныс пен адамдар күткеніңіздей болмауы мүмкін, сондықтан ақпаратты тексеріп, сенімді дереккөзге ғана жүгініңіз, — деді астролог.
Яғни 2026 жылы Шаяндар үшін өзін қалыптастыру керек. Олар қауіпсіз әрі үйлесімді ортаға жақын жүрсе, жетістікке жету оңай.
Қорыта айтсақ, Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин (22.07.1969) және Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева (04.07.1974) осы белгіге жатады.
Арыстан
2026 жыл Арыстандар үшін қозғалысқа толы кезең болмақ. Бір жағынан, мансап пен қоғамдық өмірде қолдау күшейсе, екінші жағынан жеке және серіктестік қатынастарда сынақтар орын алуы мүмкін.
Жылдың алғашқы жартысы салыстырмалы түрде бірқалыпты өтеді. Бұл уақытта арыстандар бұрын басталған істерді аяқтап, жағдайды саралап, ашық әрекеттен гөрі дайындық пен ішкі жұмысты таңдағаны дұрыс.
Ал шілдеден кейін нағыз серпіліс басталады. Күш-қуат артып, кәсіби өсуге, жеке бастамаларды іске асыруға және қоғам алдында танылуға жол ашылады. Бұл кезең - батыл шешім қабылдап, жаңа деңгейге шығуға қолайлы уақыт.
Алайда табысқа масайрамай, қасыңызда жүрген жандардың үлесін ұмытпаған жөн. Жыл бойы серіктестермен, бәсекелестермен қарым-қатынас ерекше назарды талап етеді. Арандатулар мен келіспеушіліктер болуы мүмкін, сондықтан мәмілеге жақын болу тиімді. Биыл Арыстандардың басты күші — ашық қарсыласуда емес, салмақты сөз бен дипломатияда.
Арыстан белгісінде туғандар қатарында Үкімет мүшелері де бар. Олардың арасында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев (11.08.1961) пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев (28.07.1980) бар.
Бикеш
Бикештер үшін 2026 жыл жаңа мүмкіндікке толы. Жыл басында жоспар құру, келіссөз жүргізу, оқу мен идея ұсыну сәтті жүреді. Айтылған сөз еленеді, бастамалар қолдау табады. Жаздан кейінгі кезең тұрақты арнаға түседі.
Сонымен бірге жауапкершілік артып, жұмыста қысым сезілуі мүмкін. Қызмет барысында жаңа технологияларды тез меңгеруге тура келеді.
Бұл жылы Бикештер үшін басты талап — икемділік. Ескі тәсілдерден арылып, жағдайға қарай шешім қабылдау маңызды. Қосымша міндеттер алғашында ауыр көрінуі мүмкін, бірақ ол кәсіби тұрғыда өсуге жол ашады.
— Биылғы ең қажет қабілет — жағдайға бейімделе білу. Ескі тәсілдерге жабысып қалмаған жөн. Тапқырлық танытып, қажет кезде стандарттан тыс шешім қабылдауға дайын болыңыз. Барлығын түбегейлі өзгертудің қажеті жоқ. Бастысы, мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, кез келген сын-қатерге икемді жауап беру, — деп атап өтті астролог Бикеш белгісінің өкілдеріне.
Олардың қатарында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов (30.08.1984) пен оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова (25.08.1983) бар.
Таразы
Келер жыл Таразылар үшін өзгерістер әкеледі. Бұл жыл жаңару мен сынақтан өту кезеңі, бірақ табиғи тепе-теңдікті сақтау маңызды.
Жылдың басында қаржы мен серіктестік мәселелері қиындайды, бірақ қажет сабақтар береді. Жақын және іскерлік байланыстар беріктікке сыналады. Күрделі келіссөздер, мүдделер қақтығысы немесе ынтымақтастық шарттарын қайта қарау жағдайлары кездесуі мүмкін. Мұндай кезде қиын әңгімені айналып өтпей, дипломатиялық ұстаным таныту керек. Ортақ ресурстарды, инвестицияларды басқаруда тәртіп сақтау маңызды. Қарыздардан аулақ болыңыз және барлық құжатты мұқият тексеріңіз.
Жылдың екінші жартысында жағдай өзгереді. Еңбектеріңіз бағаланады.
— Өзгерістер күрделі көрінгенімен, соңында жақсы нәтижеге апарады. Романтикалық және шығармашылық істерде сақ болыңыз. Ақпаратты тексеріп, салқынқандылық сақтаңыз. Кенеттен түскен ұсыныстар мен таныстықтарға ашық болыңыз. Ашықтық сізге сәттілік әкеледі, — деп кеңес береді астролог.
Қазақстан Үкіметіндегі бұл белгінің өкілі — қорғаныс министрі Дәурен Қосанов (14.10.1969).
Сарышаян
2026 жыл Сарышаяндар үшін өсу мен жаңа деңгейге көтерілудің жылы болады. Тасыған энергия ағымы алға жетелейді, бірақ ақыл мен икем де керек.
Жылдың алғашқы жартысында ескі қорқыныштан, шектеулі сенімнен, психологиялық кедергіден арылуға ең қолайлы уақыт.
Жаздан кейін кәсіби өсу, халықаралық жобаларда табыс басталады.
— Халықаралық деңгейге шығаратын дағдыны қолға алыңыз. Идеяңыз бен әрекетіңіз қолдау табады. Уақытты дұрыс құрып, нақты мақсат қойсаңыз, жетістікке жету жеңіл болады. Бірақ жақын қатынас пен серіктестікке байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Неке мен іскерлік байланыс икемділікті талап етеді, — дейді астролог.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов (24.10.1968) пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың (29.10.1983) жұлдызнамасы — Сарышаян.
Мерген
2026 жыл Мергендер үшін өсу мен жаңа белестерге жетудің жылы болады. Позитивті энергия оларды алға жетелейді.
Жылдың алғашқы жартысында өзгерістер болуы мүмкін. Рухани жолды немесе шабыт беретін мақсатты анықтауға қолайлы кезең.
- Сізді халықаралық деңгейге шығаратын міндеттерге батыл кірісіңіз. Идеяларыңыз бен әрекеттеріңіз қолдау табады. Уақытты жүйелей білу және айқын мақсат қоя білу - сіздің басты мақсатыңыз болмақ. Жауапкершілікпен қарасаңыз, елеулі жетістіктерге жол ашылады. Бірақ Мергендерде жақын қарым-қатынас пен ынтымақтастық саласында шиеленіс болуы мүмкін. Неке мен іскерлік байланыстар ерекше икемділікті талап етеді. Ымыраға келу қабілетіңіз сыналады, сізді қақтығыстарға итермелеуі мүмкін. Сондықтан биылдың негізгі дағдысы - жеке кеңістікті сақтай отырып, келісімге келе білу, - деді астролог.
Мергендер қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов (13.12.1980) және Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев (01.12.1977) бар.
Тауешкі
2026 жыл тауешкілер үшін сабыр мен стратегия жылы болады. Бұл кезде жылдам әрекеттен гөрі, әр қадамды ойлап жасау керек. Қуатыңызды асыра бағалауға болмайды. Жыл басынан бастап жаңа жобаларға ден қою ерте.
Тек сенімді тапсырмаларға кірісіңіз. Қиын орындалатын уәделер бермеңіз, әсіресе іскерлік келісімдерде. Әйтпесе беделіңізге нұқсан келуі мүмкін.
Жылдың екінші жартысында жағдай жеңілдейді, қысым азаяды, бірақ толық демалуға әлі уақыт бар. Әр қимылыңызды есептеп, үнемді жұмыс істеңіз. Сол кезде жыл басында қабылдаған шешімдердің жемісін көресіз.
— Ірі инвестициялар мен қарыздардан, қаржылық авантюрадан аулақ болыңыз. Қазір тәуекел өте жоғары, есептер қате болуы мүмкін. Үлкен мақсаттарға емес, күнделікті мәселелерді шешуге көңіл бөліңіз. Сенімді адамдар — жақын жандар мен уақытпен сыналған әріптестер, — деді Ирина Әбдірайымова.
Еске салайық, туған күні Тауешкілер жұлдызнамасына тура келген шенеуніктер: Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев(08.01.1969), Еңбек министрі Светлана Жақыпова (16.01.1968), Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев (01.01.1975).
Суқұйғыш
2026 жыл Суқұйғыштар үшін жаңару жылы болады. Бұл — ескі әдеттен, шектеуші ойлардан арылу уақыты.
Жылдың екінші жартысында жаңа жоспар түзетін уақыт келеді. Кейде өзіңізді көп нәрсеге қабілетті сезінуіңіз мүмкін, бірақ асықпаңыз. Уәде берерде абай болыңыз, жоспарлар кейде күтпеген кедергілерге ұшырауы мүмкін, сондықтан икемді болған дұрыс
— Әрбір детальға назар аударыңыз. Батылдығыңыз болашаққа жол ашады. Жаңа жыл — тәжірибе жасап, жаңа шешімдер іздеуге тиімді уақыт. Интуицияңызға сеніңіз, ол сізді қателіктерден сақтайды, — дейді астролог.
Сұқұйғыштар қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бар.
Балықтар
2026 жыл бұл жұлдыз белгілері үшін мүмкіндік ашылады. Жылдың бірінші жартысында белсенді болып, өзін көрсетеді. Достардың көмегі, таныстар мен серіктестердің ұсынысы — табысқа жетудің басты жолы. Ауқымды. нәтиже бірлесе жасалған жобалардан, қоғамдық іс-шаралардан келеді.
Жылдың екінші жартысы тыныш өтеді. Белсенділік азайып, істеріңіз тұрақтанады.
— Бір сынақты бастан кешіруі мүмкін. Жұмыс пен ұзақ мерзімді жоспарларда қиындықтар туындауы мүмкін. Жұмыста күтпеген өзгерістер, жаңа басшылық немесе жаңа технологияны тез үйрену қажет болуы мүмкін. Өзгерістерге қарсы шықпаңыз, оған шығармашылықпен қарасаңыз, қиындықтарды өз пайдаңызға айналдыра аласыз, — деп тоқталды жұлдызшы.
Айта кетейік, Балықтар — Қазақстан Үкіметі мүшелерінде жоқ белгі.
***
Астрология — символдар сиқыры. Ол тағдырды болжамайды, тек өмір жолындағы бағыттарды көрсетіп, өзіңізді тыңдауға көмектеседі. Құлақ түріңіз!