Үкімет тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға грант бермек

АСТАНА. KAZINFORM – Инновациялық жобаларды коммерцияландыру үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға грант беру керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Государственные гранты: кто получает и на что тратит
Фото: Kazinform / Pexels

Оның айтуынша, инновациялық циклдің үзілуі жүйелік мәселе болып отыр. TRL 1–3 кезеңдерінде зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табады, TRL 7–9 кезеңдерінде бизнес жұмыс істейді. Алайда аралық TRL 4–6 кезеңінде жобалардың едәуір бөлігі тоқтап, коммерцияландыруға жетпейді.

- Осы мәселені шешу үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға грант беру атты жаңа құрал ұсынылды. Тиісті түзетулер қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатыр. Сонымен қатар қосымша тежейтін фактор ретінде Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындардың төмен деңгейі сақталып отыр – ЖІӨ-нің 0,16 пайызы ғана. Ал технологиялық дамыған елдерде бұл көрсеткіш бірнеше пайыз. Сонымен бірге, аталған жүйелік шектеулермен қатар ғылым, технологиялар және инновациялар бойынша базалық экожүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Министр экожүйенің бірінші элементі ретінде адами капиталды атады.

- Біз индустриялық PhD бағдарламаларын, инженерлік білім берудің жаңа моделін және халықаралық ғылыми тағылымдамаларды дамытып жатырмыз. Сонымен қатар институционалдық орта күшейтіліп жатыр. Ғылым және технологиялық саясат туралы заң қабылданды. Ғылым академиясының рөлі күшейтіліп жатыр. Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды, - деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Үкімет отырысында инновацичларды дамыту мәселесі талқыланатынын жазған едік.