Үкімет TURAN арнайы экономикалық аймақ территориясын кеңейтті
АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет 2025 жылғы 28 тамыздағы № 693 қаулысымен Түркістандағы арнайы экономикалық аумақ көлемін 4087,39 гектардан 4414,39 гектарға дейін ұлғайтты.

Сондай-ақ енді арнайы экономикалық аймақ 9 субъективті аумақтан тұрады.
2043 жылға қарай келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отыр:
— тартылатын инвестицияның жалпы көлемі — 1 598 млрд теңгеге дейін;
— арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтің (жұмыс) көлемі — 55 млрд теңгеге дейін;
— қатысушылар саны — 212 компанияға дейін;
— арнайы экономикалық аймақ аумағындағы жұмыс орындарының саны — 18 200 адамды қамтумен ұлғаяды;
— жергілікті өндірісті қамту үлесі — 65 пайызға артады деп күтіледі.
Еске сал кетсек, Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылатыны 2022 жылы белгілі болды.
Былтыр Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында 1000-ға жуық жұмыс орны құрылатыны туралы жазған болатынбыз.