Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатындағы басты мақсатын айтты
АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері Төрехан Сабырхан (70 келі) Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатындағы мақсаты жөнінде әңгімелеп берді.
Бұл жөнінде ол Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында айтты.
- Құрлықтық додаға дайындық өте жақсы. Ұлттық құрама мүшелерінің көңіл-күйі көтеріңкі. Салмақ жағынан ешқандай мәселе жоқ. Барлығы керемет, жекпе-жектерімізді күтіп жүрміз. Турнирге Иорданиядан Ишайш пен Жапониядан Окадзава келді. Олар Ливерпульде өткен әлем чемпионатына қатысты. Олар турнир кестесінің өзге бөлігінде, ал мен басқа бөлігіндемін. Қашанда қазақстандық боксшылар халықаралық жарыстарда 69-70 келі салмақта жоғары нәтижеге қол жеткізді. Мен сол сәттілік жолын жалғағымыз келеді демекпін», - деді Төрехан Сабырхан.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін жастар арасында әлем чемпионы (2024), жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы болған.
Сондай-ақ 2025 жылғы Странджа кубогының жеңімпазы атанса, сол жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing аясында болған әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.
Құрлықтық додаға ерлер құрамасы сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) барды.
Айта кетсек, Азия чемпионатында бүгін, 31 наурызда Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.