Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Правительство РК ҚР Үкіметі
Фото: Агибай Аяпбергенов/Kazinform

Іс-шарада еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері белгіленеді. 
Былтырғы жұмыстың қорытындысын Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндайды деп жоспарланған.

Айта кету керек, былтыр 7 ақпанда өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 10 міндет қойған болатын

Оның ішінде 2029 жылға қарай экономиканың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуді межесі қойылды. Ал оған қол жеткізу үшін елдің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6%-ға өсуі керек екенін баса айтты. 2024 жылдың 11 айындағы қорытындыға сүйенсек, жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4% болған.

Үкіметтің бір жылдағы жұмысына Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында қысқаша баға берді

— Үкіметтің міндеті — экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Жалпы алғанда, Министрлер кабинеті бұл міндетін орындап отыр. Экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту сияқты бағыттар бойынша былтыр атқарылған жұмыстың нәтижелері жаман емес. Алайда бәрі мінсіз деуге келмейді, проблемалар да бар. Мен министрлерден неғұрлым тиімді жұмыс істеуді және шешім қабылдағанда батыл болуды үнемі талап етемін, — деген еді Президент.

Еске салсақ, осыған дейін 28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар