Украина Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметтері: алда В.Янукович келеді

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні өткен президенттік сайлау бойынша Украина Орталық сайлау комиссиясының алғашқы ресми мәліметтері жария етілді. Ол мәліметтерге сүйенетін болсақ, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович 49,21 пайыз дауыс, ал премьер-министр Юлия Тимошенко - 45,15 пайыз дауыс алып отыр,

Украина Орталық сайлау комиссиясының  ресми  мәліметтері:  алда  В.Янукович   келеді

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сайлаушылардың 4,49 пайызы бірде-бір кандидатты қолдамаса, 1,13 пайыз бюллетень - күші жоқ деп танылды.

Украинаның орталық сайлау комиссиясына келіп түскен мәліметтер бойынша, дауыс беру аяқталған кездегі (мәскеу уақыты бойынша сағат 21.00) сайлаушылардың белсенділігі 69,9 пайызды құраған.

Еxit polls мәліметтері бойынша, В.Януковичтің Ю.Тимошенкодан басымдығы 4-5 пайызды құрап отыр.