Украина Парламентінде жаңа коалиция құрылды

АСТАНА. Украина Парламентінде «Тұрақтылық және реформалар» деп аталатын жаңа коалиция құрылды,

Украина Парламентінде жаңа коалиция құрылды

деп хабарлады Укринформ агенттігі.

Оның құрамына Аймақтар партиясы, Коммунистік партия, Литвинов блогы фракциялары және басқа да саяси күштердің кейбір депутаттары кірді. Жаңа көпшілік қалыптасқаны туралы бүгін Жоғарғы Рада төрағасы Владимир Литвин хабарлады. Жаңа парламенттік бірлестікке қажетті 226 адамның орнына 235 адам енді. Бұрын үлкен депутаттар фракциялары - Юлия Тимошенконың блогы», «Біздің Украина - халықтың өзін өзі қорғау» және Литвинов блогы фракцияларының депутаттары наурыздың 2-сінде оған кіретін 226 қолдың жиналмауынан таратылды. Спикер 2010 жылғы ақпанның 17-сіндегі парламент регламенті туралы заңға сәйкес Жоғарғы Рададағы көпшіліктің сандық құрамын қуаттауды талап етті.