07:30, 04 Наурыз 2010 | GMT +5
Украина премьерінің міндетін атқарушы болып Александр Турчинов тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 4-і.ҚазАқпарат - Юлия Тимошенконың кабинетінде бірінші вице-премьер Александр Турчинский Украина үкімет басшысының міндетін атқарушы атанды,
деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Бұл жерде техникалық тағайындау туралы сөз болып отыр, себебі заң бойынша әлі үкімет басшысының міндетін атқарушы болып қалып отырған Ю.Тимошенко Жоғарғы Раданың оны отставкаға жіберу туралы шешімінен кейін дереу демалысқа шығып кетті.
Жаңа үкімет енді Радада жаңа коалиция жасақталғаннан кейін құрыла алады. Бірақ, мүдделі тараптар әзірге мәмілеге келе алмай отыр. Егер коалиция бір айдың ішінде құрылмаса, Президент Виктор Янукович Жоғарғы Раданы таратып жібере алады.