09:59, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Украина президенті Жоғарғы раданың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы раданың өкілеттілігін тоқтату және кезектен тыс сайлау ұйымдастыру шешімін қабылдады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС президенттің баспасөз хатшысы Святослав Цеголкоға сілтеме жасап.

«Бұл ең дұрыс шешім», деп жазды ол Twitterдегі парақшасында.
Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, президент «демократиялық саяси күштерді сайлауға қатысуға шақырды».
Раданың жаңа құрамын сайлау 2014 жылдың 26 қазанына жоспарланған, делінген Порошенконың ресми сайтында жарияланған деректе.