Украина президенттігіне үміткерлерінің тізімі жарияланды
АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат -Бүгін Жоғарғы Раданың «Украина дауысы» газеті Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ел президенттігіне кандидаттардың ресми тізімін жариялады. Тізімде 18 фамилия бар, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Кандидаттардың арасында ел премьері Юлия Тимошенко, елдің қазіргі президенті Виктор Ющенко, оппозициялық Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович бар. Он кандидат өздерін өздері ұсынса, сегіз кандидат - партиялар мен блоктардың атынан ұсынылған.
Президенттік сайлау келесі жылы қаңтардың 17-сінде өтеді.