13:16, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Украина Ресей үшін Донецк пен Луганск облыстарындағы шекарасын жауып тастады - РФ СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Ресей үшін Донецк пен Луганск облыстарындағы шекарасын жауып тастады. Бұл жайында РФ Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.
![None None](/static/img/plug.webp)
«6 маусымда РФ СІМ Украина СІМ-інің ағымдағы жылғы 5 маусымдағы нотасын алды. Онда себебі түсіндірілместен украиндық тараптың Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы қозғалысқа шектеу қойылатындығы айтылған», - делінген хабарламада.
Ресей Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Украинаның Донецк пен Луганск облыстары мен Ресейдің Ростов облыстары арасында орналасқан Мариновка - Куйбышево, Должанский - Новошахтинск, Червонопартизанск - Гуково, Красная Могила - Гуково, Новоборовцы - Алексеево-Тузловка, Краснодарский - Донецк, Краснодарский - Нижний Швырев, Северный - Донецк өткізу бекеттері жабылған.