Украина студенттері онлайн-аукционға президент Медведевтің шыныаяғын саудаға шығарды
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Украинада Ресей Президентінің шай ішкен шыныаяғы онлайн-аукционға шығарылып отыр.
Украинаның студенттер парламентінің жетекшісі Максим Марчуктың хабарлауынша, мамырдың 18-інде Шевченко атындағы Киев университетінің студенттерімен болған кездесуде Дмитрий Медведев бұл шыныаяқпен көк шәй ішкен. Ыдыс ол баяндама жасаған трибунада қалып қойған. Ұмыт қалған шыныаяқты тауып алған студенттер оны саудаға шығарып отыр. Лоттың бастапқы бағасы 1 мың гривен (125 доллар), дегенмен, ұйымдастырушылар «президенттік лот үшін» 10 мыңдай гривен (1250 доллар) табыс табуға да үмітті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Ресей президентімен болған кездесуге 350-ге жуық студент қатысты.