13:31, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Украина: Виктор Януковичтің президент болатынына «Социс» орталығы респонденттерінің 27 пайызы сенеді
КИЕВ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - «Социс» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы маусымның 15-і мен 30-ы аралығында жүргізген әлеуметтік сауалдама нәтижелері таяу уақыттары президенттік сайлау өткізген жағдайда Аймақтар партиясының басшысы Виктор Янукович бірінші турда 22 пайыз, премьер-министр Юлия Тимошенко 14 пайыз, «Өзгерістер шебі» партиясының басшысы Арсений Яценюк 11 пайыз дауыс алуы мүмкін екендігін көрсеткен,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.
Жоғарғы Рада төрағасы Владимир Литвинге «Социс» орталығының 4 пайыз респонденттері, қазіргі президент Виктор Ющенкоға және Компартия көсемі Петр Симоненкоға - сауалдамаға қатысқандар сайлаушылардың 3 пайызы дауыс беруі мүмкін екендігін білдірген.
Сонымен қатар, президенттік сайлауда респонденттердің 27 пайызы - Виктор Янукович, 24 пайызы - Юлия Тимошенко, 9 пайызы - Арсений Яценюк жеңіске жетеді деп ойлайды.
Президентік сайлауды Парламент 2010 жылғы қаңтардың 17-сіне тағайындаған болатын.