Украина Жоғарғы Радасы Юлия Тимошенконың үкіметін отставкаға жіберді
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Украина Парламенті «Украина министрлер кабинетінің жауапкершілігі туралы» ел үкіметін отставкаға жіберетін қаулы қабылдады,
деп хабарлады РБК агенттігі.
Қаулыны 243 депутат қолдады. Кабмин отставкасын қолдаушылардың арасында - 172 «аймақтықтар», 15 НУ-НС депутаттары, 27 коммунист, 19 Литвин блогының өкілдері, 3 фракциядан тыс парламентшілер бар. Ю.Тимошенко үкіметіне сенімсіздік білдіруге дауыс берушілердің арасында Юлия Тимошенко блогының 7 депутаты бар болып шықты.
Отставка жөніндегі шешімді қабылдау үшін кемінде 225 халық қалаулыларының қолдауы қажет болатын.
Рада қаулысында былай делінген: «Министрлер кабинетінің Украинадағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға жауапкершілігі туралы мәселені қарап, Украина Конституциясының бірінші бөлімінің 87-бабына.сәйкес Жоғарғы Рада қаулы етеді: Украина Министрлер кабинетіне сенімсіздік білдіру қарары қабылдансын».
Ю.Тимошенко үкіметті жаңа премьердің кандидатурасы бекітілгенге дейін басқарады. Бұдан бұрын Украинаның жаңа президенті Виктор Янукович премьер қызметіне өзінің Аймақтар партиясындағы орынбасары Николай Азаровты және президенттік сайлаулардағы бұрынғы қарсыластары - Сергей Тигипко мен Арсений Яценюкті қарастыратынын мәлімдеген болатын.