17:09, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Украинада тұмау індетінен 64 адам қаза болды
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Украинада тұмаудан қайтыс болғандардың саны 64 адамға жетті.

Бұл жөнінде бірінші вице-премьер Александр Турчинов хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі күнгі таңертеңгі жағдай бойынша, Украинада тұмаудан 64 адам қайтыс болды. Бұл жөнінде келісім кеңесінде бірінші вице-премьер Александр Турчинов мәлім етті», - деп хабарлады УНИАН.
Бірінші вице-премьердің деректері бойынша, медициналық мекемелерге 191 мың украиналық көмекке жүгінген, олардың 7,5 мыңы ауруханаға жатқызылған.