Украинада тұмаудың салдарынан 381 адам көз жұмды
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Тұмау мен тыныс жолының вирустық инфекциясының індеті Украинада 381 адамның өмірін қиды.
Тек қана соңғы тәуліктің ішінде тұмаудан 7 адам көз жұмды, делінген Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жексенбі күні жарияланған ақпаратта.
Тұмау індеті Украинада қазан айының соңында басталды. Осы аралықта 1 608 астам адам ауырып, 95 мың адам ауруханаға жатты. Соңғы тәуліктің ішінде 1 495 адам ауруханаға түсті, 226 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, 27 адам жасанды жолмен тынысалу аппаратына қосылған.
Бұған дейінгі ақпараттарда A/H1N1 тұмауымен ауырудың 255 оқиғасы расталып, оның 17-сі - кісі өлімімен аяқталды.