Украинадағы дағдарыс пен өндiрiс қарқынының төмендеуi Қазақстан экономикасына терiс ықпал етуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинадағы дағдарыс пен өндiрiс қарқынының төмендеуi Қазақстан экономикасына терiс ықпал етуде. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде Үкiмет отырысының қортындысына арналған брифингте ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiм еттi.
"Ағымдағы жылғы алғашқы бес айда дамудың ішкі және сыртқы үрдістері ескеріле отырып, Қазақстанның негізгі тәуекелдері: елдегі өнеркәсіп өндірісі өсуінің серпінінің төменділігі, инвестициялық белсенділік қарқынының төмендігі мен жалғасып жатқан капиталдың репатриациясы байқалды, бұл экономиканы әртараптандыру саясатына теріс әсер ететін болады. Инфляцияның өсу қарқыны ағымдағы жылдың басынан бастап 2,5 пайыздық тармаққа өсіп және 33,7%-ды құрап отырған «жұмыс жасамайтын» қарыздар деңгейінің жоғарылығы экономиканың нақты секторын кредиттеуді тежейді. Украинадағы дағдарыс пен Ресей экономикасының елеулі бәсеңдеуі Кеден одағының бүкіл аумағында экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі ықтималдылығын алдын ала айқындап отыр", - дедi министр.
Оның айтуынша, әлемдік экономикадағы қалыптасқан үрдістер елдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне әкелді. Мәселен, елдің экономикасы ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға өсті.
"Ағымдағы жылғы ақпанда теңге бағамын түзетудің нәтижесінде елде инфляциялық процестердің күшейгені байқалып отыр. Жылдың басынан бастап инфляция 4,5%-ды құрады, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,1 пайыздық тармаққа жоғары", - дедi ол. Металдар бағасы төмендеуінің негізгі себептерінің бірі Қытайдың экономикалық қарқындарының бәсеңдеуі және өндірістік белсенділігі өсуінің әлсіреуі болып табылады.
Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады, бұл 102,7% нысаналы көрсеткіштен 2,6 пайыздық тармаққа төмен. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады, жоспарланған 104,0% деңгейден 3,9 пайыздық тармаққа төмен.
Кен өндіру өнеркәсібінде көмір және лигнит, сондай-ақ мұнай өндіру бойынша тиісінше 7,7 пайыздық тармаққа және 2,1 пайыздық тармаққа жоспарлы көрсеткіштерге айтарлықтай қол жеткізбеу байқалады.
Көмір және лигнит бойынша қол жеткізбеу Қазақстанның және Ресей Федерациясының энергия өндіретін кәсіпорындарының көмірді тұтынуының төмендеуімен негізделеді.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, мұнай өндіру бойынша жоспардың орындалмауы геологиялық себептермен және газды кәдеге жарату бойынша бағдарламалармен қатысты шектеулерге байланысты.