Украинадағы жол-көлік оқиғасында жеті дін қызметкері мерт болды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Украинада Харьков облысы Коломацк ауданындағы Мирошниковка селосына жақын маңда жол-көлік оқиғасынан жеті адам опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше орын алды. Киев - Харьков - Довжанский трассасында «Мерседес» шағын автобусы мен «Даф» жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында ТЖМ облыстық бас басқармасының жедел тобы жұмыс істеді. Ресми емес деректер бойынша шағын автобуста дін қызметкерлері болған. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалған.