Украинадан заңсыз келген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады - Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу шарасының барысында сот қаулысымен бірнеше ай бұрын елден аластатылған Украинаның 35 жастағы азаматын ұстады.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазіргі уақытқа дейін украиналық азамат Қазақстаннан кетпеген. Сол шешімін орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бұзушылығы үшін Украина азаматына 100-ден 500-ге дейін ең төменгі есептік көрсеткіш (1 ТЕК-1618 теңге) түрінде айыппұл төлейді немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - делінеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Заңсыз келуші» жедел-алдын алу шарасы Қарағанды облысында 14-20 мамыр аралығында өтуде. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, екі күннің ішінде полиция қызметкерлері заңды бұзған 374 шетелдік азаматты анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. 6 шетелдік азамат үлестіру абақтысына қамалды. Бұдан басқа, шетелдіктерді жұмысқа тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 12 азаматы азаматтық тәртіпте жазаланды.

Соңғы жаңалықтар