Украинаның Орталық сайлау коиссиясы Януковичтің жеңісі туралы жария етті

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Януковичті ел президенті деп жариялады.
None
None

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Ақпанның 7-сінде өткен екінші турдағы дауыс берудің қорытындысы хаттамасын кеше, ақпанның 14-і күні Орталық сайлау комиссиясының барлық 15 мүшесі бекітті. Дауыс берудің нәтижесін комиссия төрағасы Владимир Шаповал жария етті.

Мемлекеттік жаңа басшысы қызметіне бір айдың ішінде кірісуі керек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум