Украинаның Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 93 пайызын санап шықты, алда Янукович

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының электрондық хаттамаларының 93,06 пайызын санап шықты.

Украинаның    Орталық  сайлау комиссиясы  бюллетеньдердің  93   пайызын     санап шықты,  алда  Янукович

Президенттік сайлаудың екінші турында Өңірлер партиясының жетекшісі Виктор Янукович - 48,41 пайыз, ал премьер-министр Юлия Тимошенко 45,95 пайыз дауыс алып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сайлаушылардың 4,44 пайызы бірде-бір кандидатқа қолдау білдірмеген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың белсенділігі 69,07 пайызды құраған.