ҰҚШҰ елдері төтенше жағдайларда бірлесе әрекет етуді қарастырмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бірінші отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
None
None

Үйлестіру кеңесінің отырысына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы ТЖ министрліктері және Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығы мен өкілдері,Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің, ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері қатысады.

Отырыста төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде халықаралық ұйымдардың әлеуетін пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдардың бөлімшелерімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу мәселелері қаралады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін кадрларды даярлайтын базалық оқу орындарының қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау мақсатында олармен одан арғы ынтымақтастық жайы да талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар