ҰҚШҰ елдері ұйымның 20 жылдығына арналған қорытынды декларацияны қол қоюға әзірлеуде

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамалары ҰҚШҰ қызметін бірқатар жаңа бағыттар бойынша белсендіруге бағытталған.
None
None

Бұл туралы қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берген еліміздің ҰҚШҰ жанындағы уәкілетті өкілі Владимир Алесин айтты.

Ағымдағы жылы ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнің жасалғанына 20 жыл, ал ҰҚШҰ-ның құрылғанына 10 жыл болады. Мерейтойлық дата 15 мамырда Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясының басты тақырыбына айналады. Оған ұйымға мүше 7 мемлекеттің де президенттері қатысады деп күтілуде.

ҰҚШҰ құрылған кезден бастап тараптар тек қана әскери-саяси бағытқа баса назар аударғанын атап өткен ол: «Қазіргі уақытта Ұйым көпқызметті болып отыр. Көптеген жаңа бағыттар, атап айтқанда, лаңкестікпен, есірткі тасымалымен, заңсыз көші-қонмен күресу, төтенше жағдайлардың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік пайда болды. Сонымен қатар, бастапқыда қалыптасқан бағыт та сақталды», - деді.

Оның пайымынша, ҰҚШҰ-ның қалыптасуына Қазақстан белсенді атсалысып, маңызды рөл ойнады. «Қазақстанның мығым рөлі барынша айқын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамалары ҰҚШҰ қызметін бірқатар жаңа бағыттар бойынша белсендіруге бағытталған», - дейді В.Алесин.

Соңғы жаңалықтар