ҰҚШҰ саммиті кезінде 4 мыңнан астам полиция қызметкері тәртіпті қамтамасыз етеді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасының полициясы Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары және 25-27 қараша аралығында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті кезінде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

полиция Кыргызстана
Фото: Қырғызстан ІІМ

Қырғыз Республикасы ІІМ мәліметінше, мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін Бішкек және Шу гарнизондарынан 4 мыңнан астам қызметкері тартылды.

Бішкек мэриясында атап өткендей, 25-27 қараша аралығында ел астанасының орталық көшелерінде және ресми делегация бағыттарында көлік құралдарына уақытша шектеулер қолданылады. Осы күндері екі ірі базар – «Ош базары» сауда-ойын сауық орталығы және «Сары-Озон» базары санитарлық тазалау жұмыстарына жабылады.

Көлік кептелісін азайту үшін қаладағы мектептер мен университеттер уақытша онлайн оқытуға ауыстырылды.

Бұған дейін 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтетінін жазған едік.

26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады

Соңғы жаңалықтар