20:46, 29 Желтоқсан 2017 | GMT +5
ҰҚШҰ Тұрақты Кеңесін Қазақстан өкілі басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы тұрақты кеңесінің отырысы болды. Оған ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров, бас хатшының орынбасарлары, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Бірлескен штабының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

2017-2018 жылдары Ұйымға төрағалық ету құқығы Беларусьтен Қазақстанға берілуіне байланысты ротациялау принципіне сәйкес, Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ жанындағы өкілетті өкілі Жәнібек Иманалиев ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Беларусьтің ҰҚКҰ жанындағы тұрақты және өкілетті өкілі, Беларусьтің Ресейдегі елшісі Игорь Петришенко қазақстандық әріптесіне ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің шешімдерінің символын білдіретін балғаны тапсырды.
Қазақстан өкілі әріптестерін ҰҚШҰ-да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын қолдағандықтары үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестері Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан болып табылады.