Ұл балалар қыз балаларға қарағанда кофеинді пайдалануға бейім болып шықты

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар ер жынысты жасөспірімдердің құрбыларына қарағанда кофеинқұрамды азық-түліктерді пайдалануға әлдеқайда бейім екенін анықтады,

Ұл балалар қыз балаларға қарағанда кофеинді пайдалануға бейім болып шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Зерттеулердің алдын-ала қорытындылары мұның кофеинге деген сезімділіктің жыныстық әртүрлілігіне байланысты екенін көрсетті.

Буффало Университеттерінің нейробиологтары соңғы уақыттары кофеиннің азық-түліктер құрамындағы түрлерінің және осыған байланысты тұтыну деңгейінің айтарлықтай өсуіне байланысты жасөспірімдердің ағзасына оның әсерін зерттеуді ұйғарды.

Бір эксперименттің барысында зерттеушілер 12 мен 17 жас аралығындағы еріктілерге олардың осы азық-түлікке қол жеткізуге деген ұмтылысын бағалау үшін сусындарды компьютерлік ойында ұтып алуды ұсынды. Кофеинді тұтынуға деген дағды, эксперимент кезіндегі ынтызарлық, зерігу сезімдері сияқты және басқа да маңызды факторларға түзетулер енгізілгеннен кейін ұл балалардың қыз балаларға қарағанда сусынды алуға деген ұмтылысы әлдеқайда күштірек болып шықты.