Ұлбосын Әділова XII Дүниежүзілік ойындарында чемпион атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті.

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, Жауынгерлік самбодан 80 келіде бақ сынаған Ұлбосын Әділова ақтық сында 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мавлуда Абдуллаевамен жолығып, қылқындыру әдісімен айқын жеңіске жетіп чемпион атанды.
Ұлбосын Әділованың жарыстағы жолы:
½ финал. Яп Ейселин Агнес (Филиппин) — 2:0
¼ финал. Нэнси Эрнандес (Мексика) — таза жеңіс
Айта кетейік, бұл Дүниежүзілік ойындарының екінші алтын медалі. Бұған дейін джиу-джитсудан файтинг бөлімі бойынша Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанған болатын.
Жауынгерлік самбо спорты 1993 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындардың бағдарламасына қайта енгізілді.
Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындарының тарихында жерлестеріміз самбодан 1993 жылы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.