Үлескерлердің ақшасын ұрлаған ағайынды Уәлихановтар Тайландта бой тасалап жүр

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанадағы «Возрождение», «Ұлан» және «Бейбітшілік» тұрғын-үй кешендерінің құрылысына қаржы салған үлескерлердің ақшасын жымқырған ағайынды Уәлихановтар Тайландта бой тасалап жүр.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі кезде олар Интерпол бойынша халықаралық іздеуге берілді. Тайландтағы Интерполдың ұлттық орталығы хабарлағандай, аталған қылмыскерлер бұл елге өткен жылы қыркүйек-қазан айларында келген болатын. «Осыған орай Интерполдың Қазақстандағы бюросы ағайынды екеуді ұстап, елге қайтару жөнінде арнайы хат жіберген еді. Бірақ әлі күнге ол азаматтарды ұстау туралы ешқандай ақпарат жоқ», - дейді Қ.Жұманов.

Соңғы жаңалықтар