Үлестік құрылыстағы жағдай ? 2008 жылдың қорытындысы бойынша

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Тұрақтандыру жоспарының бағыттарының бірі - проблемалық тұрғын үй құрылыстарының рыногына мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады. 2008 жылы үлестік құрылыстағы жағдай қандай болды?
None
None
ҚазАқпарат назарларыңызға осы мәселе бойынша ақпараттық-анықтама материалын ұсынады. Үлесшілерді қолдау үшін Үкімет үлестік құрылысты бюджеттік қаржыландыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдап отыр. - екінші деңгейлі банктерден ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға «Қазақстандық Ипотекалық компания» акционерлік қоғамының қоры 20,5 миллиард теңге (республикалық бюджет есебінен) сомаға арттырылды, ол соманың 11,6 миллиард теңгесі игерілді; - «Қазақстанның Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» акционерлік қоғамының қорына 1 025 миллион теңге сома тағы аударылды, бұл сома 20 миллиард теңгеден астам сомаға қабылданған кепілдемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл соманың барлығы игеріліп отыр. - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына 95 миллиард теңге бөлінді, бұл қаражаттың 48,8 миллиарды - Астана қаласына, 46,2 миллиарды ? Алматы қаласына арналған. Екінші деңгейлі банктер бұл қаржының 63,9 миллиард теңгесін құрылыс жүргізушілерге аударып отыр. - Үлестік құрылыс нысандарынан 6 мың пәтер сатып алуға Астана әкімдігіне 41 миллиард теңге бөлінді, оның 21,5 миллиарды ? 2008 жылы бөлінген, осынау соманың 21,5 миллиарды толық игеріліп бітті. 47 нысаннан 6213 пәтер сатып алуға келісімшарт жасалды, аталған нысандардың төртеуі 2008 жылдың соңына қарай пайдалануға беріліп отыр, олардың құрылыстарына 636 үлестік салымшының немесе әкімдік сатып алған 555 пәтердің қаржысы атсалысты. Үкімет қаулысы аясында ұлттық компаниялар да 2 мың пәтер сатып алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Проблемалық нысандардың құрылыстарын аяқтауға Үкімет резервінен Астана қаласының әкіміне - 17,2 миллиард теңге, Алматы қаласының әкіміне ? 10 миллиард теңге бөлінді. Әкімдіктер өз кезектерінде, уәкілетті органдар ? жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып отыр. Астана қаласындағы проблемалық нысандар бойынша алақол құрылыс компанияларынан мүліктерді талап ету және оларды тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне (ТҚК) беру туралы 19 шағым арыз бойынша аяқталмаған үлестік құрылыс нысандарының барлық құқықтары, сот шешімімен, шығын өтемі ретінде үлесшілерге берілді. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарына сәйкес, «Самұрық-Қазына» Қоры арқылы ипотекалық несиелеу және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасын іске қосу қарастырылып отыр, оны қаржыландыруға 5 миллиард доллар (600 миллиард теңге) жұмсалатын болады. 2008 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде коммерциялық тұрғын үйлердің құрылыс ауқымы (алдыңғы жылмен салыстырғанда) 55 пайызға - 1,8 миллион шаршы метрден 2,8 миллион шаршы метрге дейін өсіп отыр, оның 2,4 миллион шаршы метрі - үлестік құрылыс. Осылайша 57,7 мың үлестік салымшының 17 218-сі өткен жылдың 12 айында пәтерлеріне қол жеткізді, оның ішінде Астанадағы 36 мың үлесшінің - 8792-сі, Алматыда 12 мың үлесшінің - 4136-сы қоныс тойларын тойлады.
Соңғы жаңалықтар