Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта Төле би көшесін салу» жобасы аясында жолды жөндеп жатыр. 

Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Осыған байланысты 16 шілде - 20 тамыз аралығында Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.

Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұл кезеңде жүргізушілер келесі бағыттарды пайдалана алады:
- Тұран даңғылынан Е54 көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін;
- Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне дейін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы кезінде уақытша өзгерістерді ескерулері сұралады.