Ұлыбритания әскери-теңіз күштері БАӘ жағалауында танкерге оқ атылғанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктері жағалауындағы Ормуз бұғазында танкер белгісіз снарядтармен соққыға ұшырады. Бұл туралы Корольдік әскери-теңіз күштерінің Теңіз сауда операциялары орталығы хабарлады, деп жазды ТАСС

Ұлыбритания әскери-теңіз күштері БАӘ жағалауында танкерге оқ атылғанын хабарлады
ФОТО: x.com / @UKMTO

— UKMTO Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласынан солтүстікке қарай 78 теңіз милінде (125,9 км — ТАСС) оқиға туралы хабар алды. Танкерге шығу тегі белгісіз снарядтармен шабуыл жасалды, — делінген орталық хабарламасында. 

Сондай-ақ ақпаратта кеме экипажы қауіпсіз екені және оқиғаның салдарынан қоршаған ортаға ешқандай зиян келмегені атап өтілді.

Айта кетейік, АҚШ Ормуз бұғазында кеме қатынасын қамтамасыз ету үшін коалиция құруды ұсынды.