Ұлыбритания Гран-приі: Ferrari маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания Гран-при кезеңінде Шарль Леклер жеңіске жетіп, Ferrari командасына биылғы маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлады.
Жеңімпаздан 0,427 секундқа артта қалған британдық «Мерседес» жүргізушісі Джордж Рассел және 0,772 секундқа артта қалған «Феррари» командасының 7 дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон жеңіс тұғырында Леклерге қосылды.
Жарысты үш жүргізуші аяқтай алмады. Олар — Нико Хюлькенберг (Audi), Алекс Албон (Williams) және Макс Ферстаппен (Red Bull Racing). Әлемнің қазіргі чемпионы Ферстаппен 48 айналымда трассадан шығып кетті, содан кейін қауіпсіздік машинасы іске қосылды.
Жеке есепте көш бастап тұрған Андреа Кими Антонелли (Mercedes) жарысты тек 16-орында аяқтады. Италиялық жүргізуші ұзақ уақыт көшбасшылар қатарында болғанымен, 41-айналымда техникалық ақау туралы хабарлап, пит-стопқа кірді. Бір күн бұрын Антонелли спринттік жарыста жеңіске жеткен еді.
Формула-1 Бельгия Гран-приі чемпионатының келесі кезеңі 19 шілдеде өтеді.
Бұған дейін Gucci сән үйі «Формула-1» чемпионатындағы Alpine командасының жаңа титулдық серіктесі болатыны туралы хабарланды. Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басталғанын француз командасы ресми түрде жариялады.