Ұлыбритания мен Катар Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтты

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлыбритания мен Катар Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

 Ұлыбритания  мен Катар
Фото: freepik.com

Бейсенбі күні Катардан жалпы салмағы 17 тонна болатын британдық-катар гуманитарлық көмектің алғашқы бірлескен партиясы жіберілді. Оның ішінде үлкен шатырлар да бар. Жүк ұшақпен Мысырға жеткізіліп, ол жерден көлікпен Газа секторына тасымалданады, деп хабарлады Ұлыбритания СІМ-нен.

Бұған дейін Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Израильге сапары барысында ел басшылығын Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін шекара өткелдерін ашуға үндеген болатын.

Соңғы жаңалықтар