Ұлыбритания жүздеген мемлекеттік органды жабуды жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания «жаһандық тұрақсыздықтың жаңа дәуірінде» шығындарды азайту және өнімділікті арттыру мақсатында мемлекете реформалар жүргізіп, жүздеген мемлекеттік тәуелсіз органды жабуы мүмкін екенін мәлімдеді.

АЗЕРТАДЖ хабарлағандай, Ұлыбританияда жүздеген quangos немесе квазиавтономды үкіметтік емес ұйымдар бар. Оларды салық төлеушілер қаржыландырады, бірақ ұйымдарды министрлер бақыламайды. Олардың қатарына Health and Safety Executive, Network Rail және Migration Advisory Committee тәрізді мемлекеттік органдар жатады, деп хабарлайды Reuters.
Қазір Ұлыбритания шығындарды азайту режиміне енді. Себебі Қаржы министрі Рэйчел Ривз АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген тарифтердің салдарымен күресу барысында фискалдық ережелерді сақтауға барынша тырысып жатыр.
Үкімет жаһандық тұрақсыздық бюрократияны реформалауда оның «әрі қарай алға қадам басуына және жылдам жүруіне» тура келетінін ескертті.
Өткен айда премьер-министр Кир Стармер NHS England-ті (Денсаулық сақтау жүйесін бақылайтын орган — ред.) таратып, оның функцияларын мемлекеттік денсаулық сақтау департаментіне қайтарып жатқанын айтты. Осылайша ол жүздеген миллион фунт стерлинг қаражатты үнемдемек.
Бұған дейін Трамптың тарифтері Азия мен Еуропа нарығының құлдырауына себеп болғаны айтылды.