Ұлыбританияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбританияның оңтүстік-батысындағы Девон графтығында әскери тікұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан экипаждың үш мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды BILD.
Қайғылы оқиға түнгі оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған.
Merlin Mk4 әскери тікұшағы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 шамасында ашық алқапқа құлаған.
Корольдік флотының өкілі экипаж құрамындағы үш әскери қызметкердің қаза болғанын растады.
Оқиға орнына көптеген құтқарушы мен төтенше жағдай қызметінің мамандары жіберілді.
Қауіпсіздік шараларына байланысты A386 және A30 тасжолдарының маңындағы жолдар уақытша жабылды.
Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Тікұшақ Дартмур ұлттық паркінің шетіндегі Okehampton Battle Camp әскери полигонына жақын жерде құлаған.
Аталған аумақта Commando Helicopter Force бөлімшесінің экипаждары тұрақты түрде оқу-жаттығу өткізеді.
Бұл бөлімше Ұлыбритания Корольдік әскери-теңіз күштерінің теңіз авиациясы құрамына кіреді.
Осыған дейін АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысқаны туралы жаздық.