Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры меморандумға қол қойды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» ҚҚ меморандумға қол қойды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Құжат аясында өңірде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Облыс әкімдігі мен қоғамдық қор білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге және жаңа жобаларды қаржыландыруға бағытталған шараларды бірлесіп атқарады.

Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» ҚҚ меморандумға қол қойды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Ынтымақтастықтың басым бағыттары — өңірдің әлеуметтік дамуына оң ықпал ету, білім, мәдениет және спорт салаларындағы әлеуетті қайырымдылық жобаларды қарастырып, жүзеге асуына қолдау көрсету.

Тұрғындардың рухани, танымдық және өзге де гуманистік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін облыс әкімдігі қоғамдық денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту салаларындағы қайырымдылық жобалары бойынша бастамалар ұсынуды және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етсе, Қор оларды қарастырып, жобаларды іске асыруға атсалысады.

Соңғы жаңалықтар