Ұлытау облысында 28 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтерге үкім шықты

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты.

Бухгалтеры больницы присвоили свыше 5 млн тенге в области Улытау
Фото: gov.kz

Сот тергеуі барысында мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта бухгалтердің өзіне заңсыз түрде артық жалақы тағайындап келгенін дәлелдеді.

Сонымен қатар ол мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға – «өлі жандарға» еңбекақы есептеп отырғаны анықталды.

- Сот үкімімен айыпталушыға 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және дәл осы мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген Бас прокуратураның ақпаратында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, елордада бухгалтерлік қызмет атын жамылып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар