Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысында Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ірі экологиялық науқан өтті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен республикалық телекөпірмен ұштасты.

Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Телекөпірге Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының орталығынан тікелей қосылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік филиалы өкілдері, жастар, мемлекеттік қызметкерлер, волонтерлер, кәсіпорын қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты.

Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Тікелей эфир барысында Мемлекет басшысы бұл бастаманың ұрпақ алдындағы маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарының біртұтас құндылықтар жүйесін құрайтынын және қоғамдық өмірде орнығуы қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар танымал әрі беделді азаматтарды бұл бастамаларды насихаттауға тарту қажеттігін, ал негізгі қозғаушы күш ретінде жастарды атап көрсетті. Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру маңызды екенін тілге тиек етті. Президент «Таза Қазақстан» бағдарламасының халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық идеяға айналуы тиіс екенін айтты.

Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Телекөпір аяқталған соң қатысушылар ағаш отырғызу акциясына қатысты. Жезқазған қаласындағы саябаққа 275 түп, ал Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің аумағына 510 түп жас көшет егілді. Облыс көлемінде бір күн ішінде жалпы 1 550 түп жасыл желек отырғызылды.

Ұлытау облысында елді мекендерді көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биылғы жылдың басынан бері 7 сенбілік ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам адам, 1 551 ұжым және 416 техника жұмылдырылды.

Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілді
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Аталған іс-шаралар барысында 2 749,9 тонна қоқыс шығарылып, 700,7 гектар аумақ тазартылды. Сонымен қатар 10 894 түп ағаш егілді. Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.