Ұлытау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Жантүршігерлік жол апаты 4 қаңтарда болған. Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

жол апаты
Фото: Ұлытау облысы ПД

Ұлытау облысы Полиция Департаментінің мәліметінше, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар автожолында екі автокөліктің қатысуымен жол апаты болды.

— Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл факт бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиға орнында барлық жағдайлар мен себептерді анықтайтын тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Ұлытау облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың қажеттілігін ескертеді.

— Өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыз, — деп ескертті ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар